Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімідігі мәліметінше, LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"18 қыркүйек сағат 23:00-ден 19 қыркүйек сағат 16:00-ге дейін Наурызбай батыр көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады. Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады", - деді әкімдік өкілдері.
Сурет: Алматы әкімдігі
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова