- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда Төле би...
Алматыда Төле би көшесі 4 күнге жабылады
Алматыда мерекелік концерттің өтуіне байланысты Төле би көшесі 4 күнге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала күнін мерекелеу аясында 14 қыркүйек сағат 16:00-де "Астана" алаңында LuxFM радиостанциясының фестивалі өтеді. Сахнада Мирас Жүгінісов, Айқын Төлепберген, Jazzdauren, Adam және басқа да танымал әртістер өнер көрсетеді. Кештің басты қонағы – Грэмми сыйлығының иегері, продюсер DJ Imanbek.
Сондай-ақ "Астана" алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Almaty Cover Show өтеді. Концерт 17:00-де басталады, оған Нағима Есқалиева, Мейрамбек Беспаев, Kalifarniya, RaiM, Нұрлан мен Мұрат, ARO, Ерболат Құдайберген, Қайрат Түнтеков, Еркін Нұржанов, Айдар Тұрғанбай және т.б. әртістер өнер көрсетеді.
Ескеретін жайт, қыркүйектің 12-сі мен 16-сы аралығында Төле би көшесінің бойы Панфилов көшесінен бастап Абылай хан даңғылына дейін жабылады. Бұл аралықта Астана алаңында Қала күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина