Алматыда толассыз қар жауып жатыр

Алматыда кеше таңертеңнен бері қар жауып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

25 ақпан сағат 08:00-дегі мәліметке сәйкес жауған қардың қалыңдығы 17 сантиметрге жеткен. Алматы әкімдігі мәліметінше, қар тазалау жұмыстарына айтарлықтай күш жұмылдырылған: 75 жедел бригада, 2710 жол қызметкері және 1225 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. 

Massaget.kz/Болат Айтмолда 

"Қаланың магистраль көшелеріне 203 аралас жол техникасы тартылған. Түнгі сағат 01:00-ден бастап жол полициясының бақылауымен 26 колонна қарды жол жиегіне ысыру жұмыстарына кірісті", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар, аялдамалар, жерасты және жерүсті өткелдері, баспалдақтар мен пандустар  тазаланып жатқаны айтылды. Алайда алматылық көлік жүргізушілер жолдарда көктайғақ байқалатынын айтты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!