Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері пәтер иелерімен сақтық шаралары туралы әңгіме жүргізуді жалғастырып жатыр. Алматыда құтқарушылар үйлерді аралайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер сілкінгенде халық үрейге бой алдырып, көпқабатты үй тұрғындары қалай әрекет ету керек екенін білмейтінін тәжірибе көрсетті.
Таңғы жиыннан кейін құтқарушылар Алматының сегіз ауданындағы көпқабатты үйлерді қамту үшін үгіт-насихат топтарына бөлінетіні айтылды.
Алматылықтарға ауызша нұсқаулардан бөлек, жер сілкінісі болған жағдайда не істеу керек екені туралы ақпараттық қазғаздар беріледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!