Алматыда тереңдетілген үлгідегі ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер орнатылды

Алматыда тереңдетілген үлгідегі ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер орнатылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы тереңдетілген үлгідегі ҚТҚ жинауға арналған контейнерлерді ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бүгінде мегаполистің Әуезов, Бостандық, Наурызбай аудандарында 214 жаңа контейнер орнатылды.

3 текше метрлік бұл контейнерлер қолдануға ыңғайлы, эстетикалық келбетке ие, кез келген климатқа бейімделген. Тығыз жабылатын қақпақтың арқасында жаңбыр мен қардың ішке енуі, қалдықтардың жинақталуы, жағымсыз иістің таралуы мүмкін емес. Ең бастысы, мұндай урналарға құстар мен жануарлар жоламайды.

Еске салсақ, Алматыда тереңдетілген контейнерлер алғаш рет 2012 жылы орнатылды. Алғашқы үлгілер қорғаныш жабыны жоқ қара металдан жасалды. Ұзақ пайдалану салдарынан мұндай контейнерлер коррозияға ұшырады әрі жайсыз жағдайлардың болуы мүмкіндігін тудырды (ҚТҚ түсіру кезінде қоқыс шығаратын ұйымдардың қызметкерлерінің жарақат алуы, аулалардың санитарлық жағдайының нашарлауы және т.б.) және оларды ауыстыру қажет болды.

Алматы қаласы әкімдігі ұсынған материал

Massaget.kz