- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мұз айдыны
Алматыда тегін 12 мұз айдыны ашылады
Фото:
pixabay.com
1 желтоқсаннан бастап Алматыда 12 ашық мұз айдыны ашылады. Барлық ниет білдіруші қаланың әртүрлі ауданында орналасқан алаңдарда мұзда сырғанай алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұз айдындарының мекенжайлары:
- Республика сарайының алдындағы Абай алаңы;
- Halyk Arena;
- 28 панфиловшылар саябақ;
- Тұңғыш Президент саябағы;
- Наурызбай әкімдігінің алдындағы алаң;
- ҚБТУ тұрағы;
- "Авиатор" стадионы;
- Көкжиек ықшамауданы;
- "Гүлдер" саябағы;
- Алматы Арена;
- №6 оқушылар үйі;
- Ғ.Мүсірепов атындағы БЖТ алдында.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, мұз айдындарының ауданы 500-ден 1900 м2-ге дейін, бір маусымда 300 мыңнан астам адамды қабылдай алады.
Мұз айдындарында конькиді жалға беру пункттері жұмыс істейді. Жалға алу құны сеанс үшін 1,5 мың теңге (2 сағат), жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 23:00-ге дейін. Өз конькиімен келгендер үшін сырғанау тегін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан