Алматыда тазалықшы әйелді күйеуі ұрып өлтірген. Бұл туралы "Немолчи" қоры хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Алматыдағы "Асылтау" тұрғын үй кешенінде болған. Марқұм әйел үй тазалаумен айналысатын. 18 тамызда кешкі уақытта тұрғын үй кешеніне полиция мен жедел жәрдем келген.
"Немолчи" қорына келіп түскен ақпарат бойынша, 45 жастағы әйелдің қызы бар.
Алматының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді ПД өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!