Алматыда ауа райының жылынуы салдарынан таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орташа тәуліктік температураның жоғарылауына және қардың қарқынды еруіне байланысты 16-18 наурыз аралығында таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін, Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін.
Осыған орай Алматы қаласы ТЖД тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажеттігін ескертеді.
"Сондай-ақ, су қоймаларында мұз жамылғысының әлсіреуі турал еске саламыз. Мұзға шықпаңыз, өміріңізді сақтаңыз", - дейді ТЖД өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!