Алматыда Тәуелсіздік күні қарсаңында түрлі мерекелік және ресми іс-шара, соның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, фотокөрмелер, дөңгелек үстелдер өткізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 желтоқсанда Д.Қонаев атындағы мұражайда "Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі" атты фотокөрме өткізіледі.
15 желтоқсанда Ғылым ордасында қоғамдық ұйымдар мен тарихшылардың қатысуымен 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларға арналған конференция болады.
16 желтоқсанда Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүлшоқтары қойылады.
17 желтоқсанда 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының 36 жылдығы аясында "Тәуелсіздік таңы" монументіне гүл шоқтары қойылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!