Алматыда тау бөктеріндегі ірі нысан сүріліп жатыр

Алматыда тау бөктеріндегі ірі нысан сүріліп жатыр
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда сот шешімімен тау бөктерінде салынып жатқан ірі нысан сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрмағамбетов көшесі, 374/1 мекен жайындағы төрт қабатты ғимарат заңсыз деп танылды. Бір күн бұрын бұл нысан бұзыла бастады. 

2022 жылы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы құрылысқа тиісті құжаты болмағандықтан ғимаратты бұзуға талап-арыз берген. Кейін сот процесі жүрді.

"2022 жылы 29 қарашада Алматы соты басқарманың талап-арызын қанағаттандырды, Алматының Әділет департаменті іс қозғады. Қала тұрғындарына ғимарат заңсыз салынғанын ескерту үшін нысан жылжымайтын мүлік сатып алуға ұсынылмайтын тізімге енгізілді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін тізімге енген бірқатар ірі нысан толық немесе жартылай бұзылған болатын, олардың арасында "Арман" және "KHAN", "Orda City" тұрғын үй кешендері және т.б. бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget