- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алматыда тартылған ет...
"Алматыда тартылған ет айтарлықтай арзандады": маман жауабы
TikTok әлеуметтік желісінде су тасқыны кезінде қаза тапқан малдың еті дүкен сөрелерінде пайда болуы мүмкін деген қауесет тарады. Желі қолданушылары қазақстандықтарды тартылған ет жеуден біршама уақытқа бас тартуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengrinews.kz" сілтеме жасап.
"Бүгін қандай тақырып талдайтынымызды білесіз бе? Су тасқынында қаза тапқан малдан тартылған ет. Мен барлық ақпаратты бір адамнан алдым, білмеймін, мен оған сендім, өйткені бұл рас болуы мүмкін. Барлығымыз білетіндей, су тасқынында көптеген жануар өлді. Бұдан кез келген адам пайда тапқысы келеді. Мұндай адамдар бар. Тараған ақпаратқа сүйенсек, қазір бұл малдан тартылған ет, шұжық жасап жатыр. Алматыда тартылған ет бағасы төмендеді деп жатыр. Оның үстәне сөрелерде тартылған ет саны көбейді. Мүмкін, бұл етті аздап мұқият таңдау керек деген сөз шығар немесе одан кем дегенде белгілі бір мерзімге бас тарту. Бұл болашақта үлкен мәселе тудыруы мүмкін", - дейді Samaid қолданушысы.
@samaid Инфа не точная, но лучше обезопасить себя! #рекомендации #рек #паводки ♬ оригинальный звук - apitok
АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы аумақтық инспекциясы бүгінде Алматыда эпизоотиялық жағдай қолайлы екенін мәлімдеді.
"Ішкі сауда объектілерінде сапасыз өнімнің сатылуына жол бермеу және оның алдын алу бойынша міндетті түрде ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізіледі. Қалаға әкелінетін өнім ветеринариялық құжаттар бойынша ішкі сауда объектілеріне түседі, онда осы өнімнің шығу тегі міндетті түрде көрсетіледі. Сондықтан су тасқыны өткен өңірлерден Алматы қаласына ет түсімі алынып тасталады", - деді АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Қуанышбай Ермағанбетов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә