Алматыда тапанша алып жүрген күдікті әйел ұсталды

Алматыда тапанша алып жүрген әйел ұсталды. Бұл туралы қала полициясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметінше, әйелден 9 миллиметр калибрлі тапанша мен бес оқ табылған. Енді полицейлер қару қайдан келгенін және әйелдің қолына қалай түскенін анықтап жатыр.

"Кешкі сағат бес шамасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Жетісу ауданында Райымбек даңғылы бойында әйелді ұстаған. Тексеріс кезінде одан тапанша мен бес оқ табылып, тәркіленді. Ұсталған әйелдің айтуынша, қаруды осыдан бір-екі сағат бұрын Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінен тауып алған", - деп жазылған хабарламада.

Полицияның сөзінше, бұл мәлімет әлі де тексерілуі керек. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әйелдің әрекетіне заң аясында баға беріледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!