Алматыда танымал дәмханаға жапсарлас салынған нысан сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, Төле би көшесі, 182 мекенжайында орналасқан дәмханаға жапсарлас салынған қосалқы нысан мәжбүрлі түрде бұзылып жатыр.
Бұған дейін нысан иесіне әкімшілік шара қолданылып, кейін заңбұзушылық дерегі бойынша материалдар сотқа жолданған.
Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен нысан иесіне әкімшілік айыппұл салынып, заңсыз қосалқы нысанды мәжбүрлі түрде бұзу туралы шешім шығарылған.
"Кейін нысан иесі бұл шешімге шағымданғанымен, Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалды. Сот шешімін орындау мақсатында нысанды бұзу жұмыстары басталды", - деп жазылған хабарламада.
Сурет: Алматы әкімдігі
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова