Алматыда TikTok-тағы былапыт сөздері үшін екі блогер 5 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында TikTok-та екі адам былапыт сөздер айтқан видеоны анықтаған.
"Авторлар видеодағы әрекетін әзіл ретінде ұсынған. Полиция қызметкерлері оларды анықтады. Олар 25 жастағы Ибраим Стамбеков және 21 жастағы Абай Абдыханов болып шықты. Бұл дерек бойынша екі адам да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсына 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды", - деді ІІМ өкілдері.
Айта кетейік, олардың Instagram парақшаларына 400 мыңнан және 110 мыңнан аса адам жазылған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова