Алматыда танымал әншінің жалғыз ұлы жоғалып кетті: полиция мән-жайды айтты

Әлеуметтік желіде Алматыда танымал әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы із-түссіз жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Әйгілі әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы жоғалып кетті. Бір аптадан бері Баирдан хабар жоқ. Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы екен. Енді Баир қайда жүр екен? Келіншегі журналистерден көмек сұрапты", - деді Жазира Бегалы.

facebook.com/zazira.begaly/

Желіде жарияланған ақпаратта әншінің ұлы 24 наурызда Алматы қаласы Медеу ауданындағы үйінен шығып кеткені, содан бері хабарсыз екені көрсетілген.

Полиция не дейді?

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі бұл жайтты растады.

"Бұл дерек бойынша Медеу ауданық полиция басқармасы іздестіру ісін қозғады. Қазір осы адамды табуға бағытталған іздеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы ПД өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!