Алматыда танымал әншінің жалғыз ұлы жоғалып кетті

Алматыда танымал әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Әйгілі әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы жоғалып кетті. Бір аптадан бері Баирдан хабар жоқ. Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы екен. Енді Баир қайда жүр екен? Келіншегі журналистерден көмек сұрапты", - деді Жазира Бегалы.

facebook.com/zazira.begaly/

Желіде жарияланған ақпаратта әншінің ұлы 24 наурызда Алматы қаласы Медеу ауданындағы үйден шығып кеткені, содан бері хабарсыз екені көрсетілген.

Еске салайық, Гүлнәр Сиқымбаева 2024 жылы өмірден өтті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!