Алматыда таңғы уақытта естілген гүріл тұрғындарды шошытты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазнет қолданушылары таңғы 07.30 шамасында қатты гүріл даусын естіген.
"Гүріл қатты естіліп, үйдегі жарық өшіп қалды", "Гүріл - жақсы оятқыш болды", "Зевс, біз не істеп қойдық саған?", "Алматыда цунамиден басқаның бәрі болды", - дейді желі қолданушылары.
Алматылықтар бұл найзағайдың даусы деп топшылаған. Бұл болжамды Алматы ТЖД өкілдері растады.
Синоптиктердің мәліметінше, 13 маусымда Алматыда ауа райы құбылмалы болады, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыс жел 3-8, найзағай кезінде екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 жылы болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!