Алматыда таңғы 10:00-ден бастап жауған жаңбыр таңға дейін жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету, ықтимал су басудың алдын алу және жою мақсатында 46 патрульдік бригада, 165 бірлік арнайы техника, 26 мотопомпа және 684 жұмысшысы жұмылдырылды.
Су басуы мүмкін орындарды қоршау үшін шамамен 2 мың қап құм дайындалды.
Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел кезекшінің ақпараты бойынша су тасқыны тіркелген жоқ.
Түнгі уақытта 114 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпа және 115 адам жұмыс істеуге шығады деп жоспарланған.
Аудан әкімдіктерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
"Қазгидромет" РМК болжауынша, Алматыда түнде тұман түсіп, 1-2 мм-ге дейін жауын-шашын болуы мүмкін. Желдің екпіні - 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы +4...+6 градус, ертең күндіз жауын-шашынсыз +14...+16.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз