Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасағандарға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы сотында биыл сәуірде такси жүргізушісі В. мен жолаушылар Т. және К. арасында болған қақтығысқа қатысты екі іс қаралған.
Іс материалдарына сәйкес Т. көліктің артқы орындығында отырып, салонда темекі шеккен. Ал жүргізушінің ескертуінен кейін балағат сөздер айтып, жүргізушінің желкесінен ұрған.
Екінші жолаушы К. көліктің алдындағы орындығында отырып, жүргізушімен тағы да қақтығысқа түсіп, балағат сөздер айтқан.
Екі жолаушыға сот мынадай үкім шығарды:
Екі сот актісі де заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жолаушы такси жүргізушісіне шабуыл жасағаны, оқиға видеоға түсіп қалғаны хабарланды.
Алматылық Влад Кравчук Instagram-да оқиғаның видеосын жариялады. Оның айтуынша, такси жүргізушісі болып жұмыс істеп, үш жолаушыны тасымалдаған. Жолда олардың бірі көлік салонында темекі шеккен.
Жүргізуші одан темекі шекпеуін өтінген, оған жолаушы дөрекі жауап қатқан, тіпті такси жүргізушісіне балағат сөздер айтып, ұрған.
Кейінірек такси жүргізушісіне шабуыл жасаған адам ұсталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!