Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасағандар қамауға алынды

Фото: Видео кадры

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасағандарға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы сотында биыл сәуірде такси жүргізушісі В. мен жолаушылар Т. және К. арасында болған қақтығысқа қатысты екі іс қаралған.

Не анықталды?

Іс материалдарына сәйкес Т. көліктің артқы орындығында отырып, салонда темекі шеккен. Ал жүргізушінің ескертуінен кейін балағат сөздер айтып, жүргізушінің желкесінен ұрған.

Екінші жолаушы К. көліктің алдындағы орындығында отырып, жүргізушімен тағы да қақтығысқа түсіп, балағат сөздер айтқан.

Сот үкімі

Екі жолаушыға сот мынадай үкім шығарды:

  • Т. ҚК 109-1-бабы 1-бөлігімен (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) кінәлі деп танылып, оны 12 тәулікке қамауға алу туралы шешім шықты және жәбірленушінің азаматтық талабын ішінара қанағаттандырылды, сот 100 000 теңге мөлшерінде моральдық шығын өндіруді ұйғарды.
  • Екінші жолаушы К. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық) жауапқа тартылды. Сот К.-ға 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Екі сот актісі де заңды күшіне енген жоқ.

Оқиға қалай болды?

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жолаушы такси жүргізушісіне шабуыл жасағаны, оқиға видеоға түсіп қалғаны хабарланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri LIVE (@tengri.live)

Алматылық Влад Кравчук Instagram-да оқиғаның видеосын жариялады. Оның айтуынша, такси жүргізушісі болып жұмыс істеп, үш жолаушыны тасымалдаған. Жолда олардың бірі көлік салонында темекі шеккен.

Жүргізуші одан темекі шекпеуін өтінген, оған жолаушы дөрекі жауап қатқан, тіпті такси жүргізушісіне балағат сөздер айтып, ұрған.

Кейінірек такси жүргізушісіне шабуыл жасаған адам ұсталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget