Алматыда такси жүргізушісі шетелдік туристерден 150 доллар талап еткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері шетелдік туристерден заңсыз алынған ақшаны қайтарып берген.
Үндістанның екі азаматы Алматы халықаралық әуежайынан қаланың жоғарғы бөлігіне дейін таксимен барған. Жүргізуші жолақысы ретінде олардан 150 АҚШ долларын талап еткен.
"Тексеріс барысында жүргізуші жедел анықталып, заңсыз алынған қаражат шетелдік азаматтарға толық көлемде қайтарылды. Бұл дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар жиналып, заңды шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотқа жолданады", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!