Алматыда 38 жастағы әйел көшенің ортасында есінен танып қалған. Ес-түссіз жатқан әйелді такси жүргізушісі көріп, көмектесудің орнына, өзінің арам ойын іске асыру үшін пәтер жалдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға маусымның басында болды. 38 жастағы Милена сыныптастарымен кездесіп, кештен қайтып бара жатқанда аяғы шалынып құлайды. Басы жерге тиген әйел есінен танып қалады. Әйел есін жиғанда белгісіз пәтерде зорлаушының жанында екенін анықтайды.
"Алтын зергерлік бұйымдарым жоқ. Тыр жалаңаш жаттым. Одан мұны не үшін жасағынын сұрадым. Ол өзіне күтімді әйел ұнайтынын айтты. Содан мен оған "Ес-түссіз жатқан адамды көре тұра, неге жедел жәрдем немесе полиция шақырмадыңыз, неге маған алғашқы медициналық көмек көрсетудің орнына, пәтер жалдадыңыз?" деп сұрадым. Ол маған "Сен ішкен екенсің, сенен ішімдіктің иісі шығып тұрды, сені полиция қызметкерлері де қорлайтын еді. Мен қайта сені олардан құтқардым" деп жауап берді", - дейді зорлық-зомбылық құрбаны Милена.
Әйелдің қашу әрекеті зорлаушыны одан әрі ашуландырған көрінеді. Ер адам өзінің құрбанын тағы екі рет қорлап, содан кейін тапқан жеріне қайта апарып тастаған. Әйел полицияға арыз жазды. Бірақ құзырлы органдар зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан.
"Мен АІІБ-ға бардым. Мені ешкім сараптамаға жіберген жоқ. Олар тек бейнебақылау камераларын қарап, менімен бірге кафеге барды, менде шынымен де алтын зергерлік бұйымдардың болып-болмағанын тексерді. Болды. Маған зорлау дерегі бойынша іс қозғалмайтынын, тек ұрлық дерегі бойынша басталатынын айтты. Тергеуші маған прокурорлардың бұл істі жібермейтінін, менің сараптама тапсырмай, жуынып қойғанымды айтты", - дейді жәбірленуші.
Зорлық-зомбылық құрбаны өз бетінше тергеу жүргізіп, зорлықты растайтын айғақтарды полиция қызметкерлеріне тапсырған. Бірақ бұл да маған көмектеспеді деп шағымданды алматылық тұрғын. Жәбірленуші айыпталушы жазадан сытылып кете ме деп алайдайды. Ал полиция өкілдері журналистерді тергеу екі бап бойынша жүргізіліп жатқанына сендірді.
"Әйелдің зорлау туралы өтініші бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сондай-ақ, оның жеке заттарын ұрлау бойынша соталды тергеу қозғалды. Күдікті анықталды. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ер адам зорлық жасағаны үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының әрекетсіздігіне қатысты да іс қозғалуы ықтимал.
Зорлық-зомбылықтың құрбаны айыпталушы үшін максималды жазаны талап етіп отыр. Ал айыпталушы ер адамның бес баласы бар екені белгілі болды. Ал қазір жұбайы алтыншы балаға жүкті.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тіс пастасы неден жасалады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!