Алматыда тағы екі көшеде қозғалыс шектеледі

Алматыда тағы екі көшеде қозғалыс шектеледі
Фото: depositphotos.com

Алматыда Алатау даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, инженерлік желілерді қайта орналастыру жұмыстарына байланысты Алатау даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"10 және 11 қазан күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Райымбек даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан Алатау даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы кезекпен ұйымдастырылады", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Саин көшесін ұзарту жұмыстары аясында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"10 қазан сағат 07:00-ден 12 қазан сағат 23:00-ге дейін Саин көшесінің батыс жағымен Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі аумақта, сондай-ақ, Шәріпов көшесінде көлік қозғалысы жабылады. Асфальт-бетон жабынын төсеу жұмыстарына байланысты осындай шектеу енгізіледі", - деп жазылған хабарламада.

Суреттер: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Абылай хан даңғылында қозғалыс уақытша шектелетіні хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget