Алматыда Жұбанов және Лавренев көшелерінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматының Түрксіб ауданында Лавренев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс жартылай шектеледі.
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Түрксіб ауданында жоспарлы жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыс аясында ұзындығы 4,1 шақырым болатын 1965 жылы пайдалануға берілген жылу құбырлары ауыстырылады.
"Осыған байланысты 2025 жылғы 25 шілде күні сағат 23:00-ден бастап 28 шілде сағат 06:00-ге дейін Лавренев көшесінің бойымен Наманган көшесінен Майлин көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады. Қозғалыс екі бағытта да шектеледі", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Жұбанов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады.
Жұбанов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
"26 шілде күні сағат 08:00-ден бастап 27 шілде күні сағат 06:00-ге дейін Момышұлы көшесінен бастап Алтынсарин даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс уақытша тоқтатылады.
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!