Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында тағы да жер сілкінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпуін 2024 жылы 06 наурызда Алматы уақытымен 05:09-да тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12,6. Жер сілкінісінің магнитудасы - 5.4", - делінген хабарламада.
Эпицентр координаты 41.22° с.е. 78.73° ш.б. Тереңдігі 10 км. сезгіштігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда - 2 балл
Айта кетейік, бұған дейін 4 наурызда Алматыда қатты жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жер сілкінісі кезінде көлікте отыруға бола ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!