Алматыда тағы бір заңсыз ТЖО бұзылып жатыр

Алматыда тағы бір заңсыз ТЖО бұзылып жатыр
Фото: Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Розыбакиев көшесі, 63 мекенжайында орналасқан ірі техникалық қызмет көрсету орталығы бұзылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында басқарма "АҚЖОЛ" ЖШС иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген еді.

Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, осы жылдың 13 қыркүйегінде басқарма Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу туралы талап-арыз жіберді.

Сот процесі аяқталмаса да, нысанның иесі нысанды өз еркімен бұза бастады.

Айта кетейік, былтырдан бері қалада 49 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және басқа да құрылыстар толық немесе жартылай бұзылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан