Алматыда тағы бір заңсыз нысан cүрілді

Алматыда тағы бір заңсыз нысан cүрілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің айтуынша, Сейфуллин даңғылы, 553/1 мекенжайында орналасқан ғимарат сүрілген.

Нысан басқарма инспекторлары қала құрылысы заңнамасы сақталуына жүргізген бақылау барысында анықталған.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Меншік иесі нысанды өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңсыз салынған базар сүрілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз