Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Лавренев көшесінің бір аумағы біраз уақытқа жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, Лавренев көшесінің аумаққа орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
19 шілдеде сағат 22.00-ден 22 шілдеде сағат 10.00-ге дейін Бекмаханов-Майлин жолайырығынан теміржол өткеліне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.
Сүйінбай даңғылы мен Захаров көшесі арқылы айналып өтуге болады.
"Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!