- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда тағы бір...
Алматыда тағы бір көшенің аумағы біраз уақытқа жөндеуге жабылады
Алматыда Тұрғыт Өзал көшесінің бір аумағы біраз уақытқа жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғыт Өзал көшесінің бір учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
22 тамыз сағат 23:00-ден 24 тамыз сағат 07:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Түркебаев пен Ислам Кәрімов көшелері арқылы айналып өтуге болады.
"Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін әкімдік Райымбек - Момышұлы жолайырығының аумағына орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлаған болатын.
20 тамыз сағат 23.00-ден 22 тамыз сағат 11.00-ге дейін Момышұлы көшесінде Төле би көшесінен Талдыарал көшесіне дейінгі эстакадада, сондай-ақ оған бұрылатын және одан шығатын жол жабылады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина