Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, Брусиловский көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"10 қазан сағат 22:00-ден 11 қазан сағат 07:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аумақта жол жабынын төсеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы толық жабылады. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жол бағытын жоспарлауды сұраймыз", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Сурет: Алматы әкімдігі
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Абылай хан даңғылында қозғалыс уақытша шектелетіні хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова