- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда тағы бір...
Алматыда тағы бір қаржы пирамидасы филиалына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Алматыда The Finiko қаржы пирамидасы филиалының басшылығына қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агеттігіне сілтеме жасап.
"ҚМА Алматы бойынша аумақтық департаменті прокуратурамен бірлесіп The Finiko қаржы пирамидасы филиалының басшылығына қатысты соталды тергеуді жүргізіп жатыр. Finiko ұйымдастырушыларына қатысты соталды тергеу барысында 300-ден аса адам арыз беріп, шығын көлемі 1,8 миллион АҚШ доллары және 630 миллион теңгеден аса сома болды", - делінген хабарламада.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, The Finiko симулятор саналады және қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп, ақша салады, ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген. Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа тұлғалардың қатысы анықталып жатыр.
Д. Шәріпхан"ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады. Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз The Finiko әрекетінен зардап шексе, агенттіктің сенім телефонына хабарласыңыз", - делінген хабарламада.