Алматыда тағы бір кафе бұзылып жатыр

Алматыда тағы бір кафе бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда кезекті заңсыз кафе бұзылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы сот шешімі бойынша заңсыз деп танылған Айнабұлақ-1, 6 "Б" шағын ауданындағы кафені бұза бастағанын хабарлады.

"Кафенің меншік иесі (жеке тұлға) АПЗ, эскиздік жобаны келісу, жобаны сараптау және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаса да құрылысты салған", - делінген хабарламада.

Бұрын басқарма меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берген.

"2024 жылғы 7 ақпанда басқарма Жетісу аудандық сотына объектіні бұзуға талап-арыз берді. Сот шешімімен талап-арыздар қанағаттандырылды, қалалық соттың 2024 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалды. Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды", - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, Алматыда 2023 жылдың басынан бері 53 заңсыз нысан толығымен не жартылай бұзылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан