Алматыда тағы бір даңғыл жөнделеді: жол жабылады

Алматыда жөндеуге байланысты Дулати даңғылының учаскесі біраз уақытқа жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Дулати даңғылының учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. 9 шілдеде сағат 23.00-ден 11-ші шілденің сағат 11.00-не дейін Набережная көшесінен Өтегенов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Айналма жол Набережная, Баязитова, Қазыбек Тауасарұлы және Өтегенов көшелерімен қамтамасыз етіледі.

"Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!