- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда тағы 3...
Алматыда тағы 3 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 13-ке жетті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Министрлік Қазақстандағы коронавирусқа қатысты эпидемиялогиялық жағдай жөнінде 17 наурызда сағат 09:00-дағы жағдай бойынша мәлімет таратты. Ведомствоның хабарлауынша, Алматы қаласында корнавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 3 жағдайы тіркелді.
Бүгінде елде коронавирус жұқтырудың 13 жағдайы расталды, олардың 11-і Алматы қаласында, 2-еуі-Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның алдын алу үшін негізгі 5 шараны қолдануға кеңес береді:
• қол мен бетті сабындап жиі жуып тұру;
• қолға спирт антисептик пайдалану;
• адам көп шоғырланған жерден аулақ болу, көшеде адамдардан 1 метр алыс жүру;
• ауырып жүрген адамдармен қатынасқа түспеу;
• инфекцияның симптомдары (дене температурасының көтерілуі, мұрын біту, жөтелу, тамақ ауыруы) байқалған жағдайда жедел жәрдем шақыру.
Н. Үсенова