• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматыда тағы 13 нысан сүрілді

Алматыда тағы 13 нысан сүрілді
Фото: Алматы әкімдігі

Алматының Медеу ауданында 13 заңсыз дүңгіршек сүрілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылы 20-27 қаңтар аралығында 13 сауда нүктесінің иесіне нысандарды өз еркімен бұзу туралы хабарламалар жіберілген. Соның нәтижесінде олардың 9-ын өздері, ал қалған 4 нысанды әкімдік сүрген.

"6 күрделі құрылыс нысанына қатысты әрі қарай шаралар қабылдау үшін мемлекеттік органдарға өтініш жіберілді", - деп жазылған хабарламада.

4 ақпаннан бастап қала бойынша 300-ден аса нысан мен 222 ойын аппараты жойылды. 32 капиталды нысанға қатысты сотқа талап-арыз жолданғаны айтылды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget