Алматыда студенттердің сессиясы неге ерте аяқталып жатыр? Министрлік жауап берді

Желіде Алматы студенттерінің емтихан кестесі өзгеріп, 16 желтоқсанға дейін барлық сессия аяқталуы тиіс деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері Massaget.kz тілшісінің сауалына жауап беріп, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздегі жоғары оқу орындарының академиялық күнтізбелік жоспарларына өзгерістер енгізілмегенін хабарлайды. Сессия бұрын бекітілген кесте бойынша жалғасып жатыр.

Студенттер құқықтары бұзылған жағдайда (соның ішінде жатақханадан негізсіз шығарылғанда) студенттік омбудсменге жүгіне алатынын тағы да еске саламыз", - делінген ресми жауапта.

Алайда Желіде бұл туралы түрлі ақпарат тарап жатыр.

@aizana_bikesh Ответ пользователю @Гульзат Серикбай ♬ WFM - Realestk
@aizana_bikesh

♬ оригинальный звук - MUKHATON

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!