Алматыда студент қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Almaty Management University баспасөз қызметі студент қаза тапқаны туралы ақпаратты растады. Трагедияның себептері мен мән-жайларын құқық қорғау органдары анықтайды.
"Университет оқиғаның мән-жайларын анықтау үшін құқық қорғау органдарына толық жәрдем көрсетеді. Almaty Management University әкімшілігі марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады және оның отбасына қажет қолдау көрсетеді", – деді университеттің баспасөз қызметі өкілі.
Алматы полициясы ақпаратты растады.
"Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мән-жайлар анықталады", – деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты қаза тапқаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!