Алматы полициясы бүгін, 4 желтоқсанда қарауылшы жасақтың (конвой) көлігінен қашып кеткен ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.
"Қазіргі уақытта қарауылшы жасақтың қызметтік көлігінен қашып кеткен "бөтеннің мүлкін ұрлады" деп айыпталған сотталушыны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қазір қызметтік тексеру басталды. Бұған кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр деп хабарлады баспасөз қызметі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз