Алматыда сот шешімімен пентхаусқа қосымша салынған заңсыз ғимараттар бұзылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы әл-Фараби даңғылы, 101 мекенжайындағы пентхаусқа қосымша салынған ғимараттарды бұзу туралы хабарлайды.
Элиталық тұрғын үй иесі (жеке тұлға) өз пәтерінің айналасына рұқсат құжаттарынсыз қосымша ғимараттар тұрғызды.
Басқарма нысан бойынша жоспардан тыс тексерулерді бірнеше рет бастады, бірақ меншік иесі хабарлама алудан бас тартқан. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру субъектісіне жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы актіні тапсырған кезде ғана басталуы мүмкін.
Басқарма Бостандық аудандық сотына жалпы ауданы 150 ш. м. пентхаусқа жапсаржайды бұзу туралы талап арыз берді.
Бостандық сотының 2023 жылғы 13 қаңтардағы шешімімен басқарманың бұзу туралы талабы қанағаттандырылды.
Былтыр 11 сәуірде Алматы қалалық соты бірінші сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Меншік иесі заңсыз тұрғызылған құрылысты бұзуға Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларымен бірге ерікті түрде кірісті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!