- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Заңсыздық
Алматыда сот орындаушы лицензиясынан айырылды
Алматыда прокурорлық қадағалау актісімен жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Атқарушылық заңнаманы қадағалау шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушысы тарапынан әлеуметтік маңызды санаттағы істердің өндіріп алу бағыты бойынша бірқатар бұзушылықты анықтады.
"Атап айтқанда, алимент өндіріп алуға байланысты 6 атқарушылық іс жүргізу жөнінде бұзушылықтар анықталды. Сот орындаушысы іс жүргізулерді бір өңірден екінші өңірге негізсіз жолдай отырып, жасанды жолмен созбалаңдыққа салуға жол берген", - делінген жауапта.
Сондай-ақ тыйым салуларды заңсыз алып тастау, берешектерді өндіріп алу бойынша шараларды уақытылы қабылдамау және уәкілетті органдардың талаптарын елемеу жағдайлары анықталды.
Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Алматы қалалық сотының қаулысымен жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек