Алматыда сирена қосылды: себебі белгілі болды

Алматыда сирена қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті 14 мамырда сағат 11:00-де Алматыда сирена іске қосылатынын мәлімдеді. Бұл - жоспарлы сейсмикалық жаттығу.

Тұрғындардың смартфонына сейсмикалық жаттығу туралы хабарлама келді.

Айта кетейік, дыбыстық сигналдан кейін Алматы тұрғындарына теледидарды, радионы қосу немесе ресми интернет ресурстар мен мобильді қосымшаларды тексеру қажет. Онда іс-қимылдар бойынша нұсқаулық жарияланады.

Өткізіліп жатқан сейсмикалық жаттығу - жоспарлы іс-шара, сондықтан ТЖД азаматтардан сабыр сақтап, жаттығуға белсенді қатысуды сұрады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз