Алматыда сирена қосылды

Алматыда сирена қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін 25 ақпанда сағат 11:00-де "Көктем 2026" республикалық оқу-жаттығуы аясында халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізілетіні хабарланды.

Әкімдік мәліметінше, тексеріс барысында "Барлығыңыздың назарыңызға!" дабыл сигналы бойынша қала аумағында сиреналар аз уақытқа қосылған.

"Бұл - жоспарлы оқу-жаттығу. "Барлығыңыздың назарыңызға!" сигналы - төтенше жағдай қаупі төнген немесе туындаған кезде шұғыл ақпарат таратар алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту белгісі", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 25-26 ақпанда Алматыда "Көктем 2026" республикалық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығу аясында қаланың әр ауданында өзен арналары мен арық жүйелерін тазарту бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Сонымен қатар, ТЖМ мәліметінше, сиреналар бүкіл Қазақстан бойынша қосылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!