Алматыда шыңға шығып, түсе алмай қалған туристер құтқарылды

Алматыда шыңға шығып, түсе алмай қалған туристер құтқарылды
Фото: ТЖМ

Алматыда шыңға шығып, түсе алмай қалған туристер құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бостандық ауданы Үлкен Алматы шатқалында 20-25 жас аралығындағы үш адам құтқарылды. "Советов" шыңынан түсу кезінде туристтер шаршап өздігінен түсе алмаған. 

ҚР РЖҚЖ құтқарушылары туристерді таудан төменге түсіріп, ата-аналарына аман-есен тапсырды. Жастарға медициналық көмек қажет болмады.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина