Алматы тауларында мотоцикл жүргізушілеріне оқ атып, қорқытқан шопан ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Эндуристердің айтуынша, 44 жастағы ер адам мас болған, тіпті олардың біреуінің басын нысанаға алған.
Видео оқиғадан кейін бірден желіде пайда болды. Видео авторының сөзінше, эндуристер тауға шығып бара жатқанда кенеттен алдынан мылтық ұстаған мас адам шығып, олардың біреуінің басын атып тастаймын деп қорқыта бастаған.
Кадрлардан оқтың атылғаны естіледі және мотоциклдердің бірінің дөңгелегі тесілгені көрсетіледі. Жігіттер бірден полицияға қоңырау шалған. Ал шопан бәрін жоққа шығарды.
Алматы облысының ПД баспасөз қызметі шопанның ұсталғанын хабарлады.
"Бұзақылық әрекеттер дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 44 жастағы күдіктіні ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!