- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда шетелдіктер заңсыз...
Алматыда шетелдіктер заңсыз курьерлік қызмет көрсеткен
Алматыда шетелдіктер заңсыз курьерлік қызмет көрсеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл деректерді көші-қон қызметінің қызметкерлері "Заңсыз" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.
"Шетелдік 9 азаматтың көші-қон заңнамасының талаптарын бұза отырып, еңбек қызметін жүзеге асырғаны белгілі болды. Атап айтқанда, курьерлік платформалардың бірінде олар қазақстандықтар болып тіркеліп, тауарларды жеткізуге тапсырыстар алды. Сонымен қатар, тексеру барысында жоғарыда аталған азаматтардың өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары болмағаны анықталды. "Қылмыстың алдын алу туралы" Заңның 29-бабының ережелеріне сәйкес, шетелдік құқық бұзушылар қабылдап-таратуға орналастырылады. Олардың әрқайсысының жеке басын анықтау және одан әрі жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде", - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.
Спикер сондай-ақ, "Заңсыз" ЖАІ-ның мақсаты заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сонымен қатар заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу екенін еске салды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина