- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда шетелдік әйелді...
Алматыда шетелдік әйелді итеріп құлатқан полицей жұмыстан қуылды
Алматыда шетелдік әйелді итеріп құлатқан полиция қызметкері жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл ақпаратты Алматы полиция департаменті өкілдері растады.
"Алматы полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының шешімімен бұл қызметкер ішкі істер органдарынан босатылды. Ол ішкі істер органдарында аз уақыт қызмет еткен", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда полиция қызметкерінің қызметтік көлік есігін ашпақ болған шетелдікті итеріп жіберген видеосы тараған еді. Оқиға сәті әлеуметтік желілерде тарап, қолданушылар арасында қызу пікірталас тудырған еді.
Кейін Алматы полиция департаменті өкілдері бұл дерек бойынша қызметтік тексеру басталғанын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейін журналист әрі продюсер Ғазиза Райымбек бұл оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ол оқиғаны видеоға түсіріп алған.
"Мен таксиге жүгірдім, көлік келіп қалды. Мен Сәтбаев көшесінің бойында бірнеше қыз полиция көлігін қоршап алғанын көрдім. Не болып жатқанын түсіну үшін тоқтадым. Полиция көлігінде бір қыз отыр екен. Ал қыздар көлікке отыруға және көліктегі қызбен бірге баруға тырысқан сияқты. Қыздар полиция қызметкерінен: "Не болды. Не болып қалды" деп сұрады, полиция қызметкері еш нәрсе айта алмады. Шамасы полиция қызметкері тіл білмеген болуы мүмкін. Содан кейін ол шығып қыздарды итеріп жіберіп, түк болмағандай кетіп бара жатты. Басқа полицейлер жүгіріп келіп мән-жайды анықтай бастады", - дейді Ғазиза Райымбек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек