Алматыда шетелден келген интим қызмет көрсететіндер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көші-қон қызметі оларды "Стоп трафик" жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.
"Тексеріс барысында Наурызбай ауданындағы үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысатын орын болған жеке тұрғын үй анықталды. Ұсталған он екі адамның жетеуі - көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетел азаматтары. Бұл дерек бойынша құқықбұзушыларға қатысты заңнамалық шаралар қолданылды", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.
Сонымен қатар, интим қызмет көрсетілген үйдің иесі жауапқа тартылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!