Әлеуметтік желіде балаларын Сайран су қоймасына батырған ана туралы жазба тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ақмарал Бәсірованың Facebook-парақшасында өз балаларын суға батырған ана туралы жазба пайда болды.
"Кешеден бері орын таппай жүрміз... Тағы балаларын өлтіруге барған. Бұл жолы ана балаларын Сайранда батырмақ болған. Кіші баласы бір жарым жаста. Екі баласы су жұтып қойған. Өтіп бара жатқан адамар құтқарып қалған. Өтіп бара жатқандар болмаса, балалар аман қалмаушы еді. Бұл бірінші рет емес.
Күйеуі жақсы адам. Күндіз-түні жұмыс істейді. Пәтер жалдап тұрады. Көршілер балалардың анасын жамандайды. Әкесі туралы жақсы пікірде. Қазір отбасы полиция бөлімінде. Іс қозғалып, ананың емделуін талап етеміз. Ананы емдеу керек", - делінген хабарламада.
Алматы қалалық полиция Департаменті, бұл деректі қазіргі уақытта Әуезов аудандық полиция Басқармасы тексеріп жатқанын хабарлады. Істің мән-жайы анықталып жатыр.