13 қарашада Алматыда шағынаудандар жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кеше түнде бірнеше ірі қосалқы станция уақытша электр қуатынсыз қалған. Апат Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғындарына әсер етті.
Ақбұлақ, Алғабас, Ақкент, Саялы, Теректі, Ғажайып, Көксай, Нұркент, Дарабоз, Зерделі, сондай-ақ, Райымбек даңғылы - Момышұлы - Мөңке би көшелерінің аралығындағы аумақ жарықсыз қалды. Мамандар апаттың себебін анықтауға кірісіп, электр қуатын кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
"14 қарашада сағат 00:12-де ПС-110/10кВ 169А "Ақбұлақ" қосалқы станциясы 110 кВ №101А желісі арқылы қайта қосылды. Қазір мамандар Нұркент, Ақкент, Алғабас, Теректі және Көксай шағынаудандарында жұмысты жалғастырып жатыр", - деді әкімдік өкілдері.
Жұмыстар жарық қосылғанша жалғасады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!