Алматы қаласында 21 мамырда сағат 10:00-де жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құлақтандыру қондырғылары іске қосылған кезде білім беру мекемелерінде, адамдар көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, сбъектілік сейсмикалық жаттығулар жүргізіледі.
Осыған байланысты, Алматы қаласы ТЖ Департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына сабыр сақтап, ғимараттардан (тұрғын үй, пәтер) жедел эвакуациялау элементін пысықтауымен қатысуды сұрайды.
"Баршаның назарына!" халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізу және сейсмикалық жаттығудың басталуы туралы хабардар етіледі.
Алматы сейсмикалық аймақта орналасқан, сондықтан әрбір азаматтың ТЖ кезіндегі және одан кейінгі іс-қимылдарға жеке дайындығы үлкен маңызға ие.
Алматылықтар үшін жер сілкінісі кезінде отбасылық немесе ұжымдық іс-қимыл жоспарын жасау маңызды:
Көпқабатты үйлерде тұратын алматылықтар білуі тиіс 10 қарапайым ережені есте сақтауды ұсынамыз:
Эвакуациядан кейін қажет болған жағдайда, ауқымды төтенше жағдай кезінде орналастырылатын халықты қабылдау пунктіне бару керек. Алматыда зардап шеккен халықты қабылдайтын 384 пункт бар.
Әдетте халықты және ТЖ кезінде зардап шеккендердің жиналу нүктесі білім беру ұйымдарында: мектепте, балабақшада, колледжде, жоғары оқу орындарында орналастырылады.
"Баршаның назарына!" сигналын естіген соң дабыл шабаныңыздағы қабылдағышты қосып, әрі қарай нұсқаулыққа сәйкес қимылдау қажет.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!